Мектеп тарихы » "Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Терібаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы


        Ақсу ауданы- ежелден Қыдыр дарыған ақындар мен батырлар, ғалымдар елі.

        Аймағы- төскейден малы, жайлаудан сәні арылып көрмеген жер десек, оның ішінде Көкөзек аулының да тарихы арыда жатыр.

        Ауылдағы мектеп 1927 жылдың тамыз айында танымал ақын Марфуға Айтқожинаның әкесі Қали Айтқожаұлының басшылығымен құрылған. 1930 жылы үш бөлмелі мектеп салынып «Сталин» атындағы бастауыш мектеп атанды. Оқуға жиналған 40- 50-  ге жуық балалардың білімі тексеріліп, 4 сыныпқа бөліп оқытқан. 

        1930 жылы Көкөзек орталау мектеп, 1968 жылы Көкөзек 8 жылдық мектебі, ал 1981 жылы Көкөзек орта мектебі болып қайта құрылды.

        «Тұйғын ақын» атанған жерлесіміз Қуат Терібаевтың 100 жылдық мерейтойына орай 1991 жылы мектепке ақынның есімі берілді.

Мектептің алғашқы ұстаздары

Жансейіт Шығанбаев

Тұрысбек Сұлтанов

Хасен Құдайбергенов

Сара Архарбаева

Қабидолла Нұрбеков

Уәли Жаманбаланов

Ештенхан Жиреншенов

Зинаида Ермолаева

Сейіт Шамагетов

Нұрмұханбет Сейсенбаев


        Мектептің алғашқы оқушыларының бірі Баянды Манкейұлы Құсмолдин мектептің тарихын жазып, бүгінге із қалдырған ұстаз, соғыс және еңбек ардагері.

        Ауылдан шыққан дарынды адамдар: Исабаев Исатай- атақты суретші, Шәріпов Нәбимұрат- Талдықорған облысы туберкулез ауруханасының бас дәрігері. Ал Демекеев Шермұхан, Оразбаев Сәкен, Үкібаев Әлмұханбет, Мұсағалиев Ысқақ Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған

Әр жылда мектепте басшылық еткен ұстаздар

Қали Айтқожаұлы 1927- 1930 жыл

Уәли Жаманбаланов 1930- 1932

Хасен Құдайбергенов 1932- 1965

Асылкен Тұрғанбеков 1965- 1968

Жамал Сатыбалдина 1968- 1970

Елтай Байшалов 1970- 1976

Құтбай Исаев 1976- 1980

Бижамал Шырғайбаева 1980- 2001

Қайрат Тұрысбеков 2001- 2004

Айдынбек Жексенбаев 2004- 2010

Ерғали Тулегенов 2010

Ермек Ногайбаев  2013

        Қазіргі таңда мектепте 36  ұстаз еңбек етеді.

Қазіргі уақытта 2018-2019 оқу  жылында мектеп  жанынан  «Аққу» шағын  орталығына  ағымдағы  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді .

2020-2021 оқу  жылында  мектеп  гимратына терезе, есік, еден, жарық жүйелеріне  толық  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.  


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив